Алматы облысының Талғар ауданында газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды. Медициналық мекеменің баспасөз қызметі: “1991 жылғы ер адам ауыр жарақаттан кеше таңертең қайтыс болса, бүгін түнде 2003 жылы туған қыз ес жимастан көз жұмды”, – деп хабарлады. Соңғы екі апта ішінде Алматы облысында пештің, газдың жарылу оқиғалары болды. Облыс әкімдігінде осы мәселелерге қатысты жиын өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.