Жетісу облысында шағын және орта бизнес дамып келеді. Кәсіп ашып, ел ырысын көбейтем дегендерге қолдау зор. Мәселен былтыр құны 90 млн тұратын 18 жоба мақұлданған. Олар отандық нарықты игеріп қана қоймай, халықаралық көрмелер мен конкурстарға өнімдерін шығарады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.