Ынта-ықылас – ырыс көзі. Талдықорған қаласында жылыжай ашып, өзін де, өзгелерді де жұмыспен қамтып отырғандар бар. Бірі – Бағдат Нұрғали. Көкдәрумен өсіріп, қала нарығына шығарып келеді. Жеке ісін ілгерілету үшін, мемлекеттік бағдарламалармен жүйелі танысып отырады. Көңіліне қонғаны – “Ауыл аманаты”. Қазір құжат жинастырып жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.