Талдықорғанда “Алаш” қозғалысының ақтаңдақтарына арналған көрме ашылды. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне 35 экспонат қойылды. Оның ішінде алашордашылардың қоғамдық саяси қызметіне қатысты құжаттар мен ұлт зиялыларының заттық жәдігерлері бар. Экспонаттар Семей қаласындағы Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемориалдық қорық музейінен арнайы әкелінген. Мұндағы мақсат – музей аралық байланысты дамыту, – дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, “Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы” атты көшпелі көрмені алғашқылардың бірі болып студенттер тамашалады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.