“Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?!”. Қазақ поэзиясының Құлагері, ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына -130 жыл. Жыл басында бастау алған мерейтойлық шаралар бүгін туған өлкесінде жалғасын тапты. Ақсуда “Ілияс Жансүгіровтің мұрасы” атты ғылыми- конференция өтті. Басқосуға Алматы мен Талдықорғаннан ақын ұрпақтары, ғалымдар, ақын-жазушылар шақырылды. Игі іске ұйытқы – Жетісу облыстық “Тіл” оқу-әдістемелік орталығы.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.