Апта басында Туризмді дамыту бойынша арнайы тапсырма берген Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сенат депутаты сауал жолдады. Амангелді Толамисов Алматы және Жетісу облысындағы жол проблемасына тоқталды. Айтуынша ойдым-ойдым жолда қарыс қадам жүре алмай жүрген жұрт туризмді емес, үйіне тура жетуге зар. Сондықтан да, қос өңірдегі проблемалық учаскелерді айтып, қажетті деңгейде назар аударуын сұрады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.