2030 жылға дейін Кербұлақ ауданында 11 инвестициялық жоба іске асады. Құны 1 трлн 316 млрд теңге. Оның 7-уі – ауылшаруашылық, екеуі – өнеркәсіп саласына бөлінсе, қалған 2 жоба жүк тасымалдау мен энергетика бағытында іске асырылады. Аясында 3 жарым мыңнан аса адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы аудан әкімі БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз алаңында айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.