ТЖБ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді. Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыс күшейтілген. Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ескертеді. Жалпы қаламыз бойынша су айдындарында шомылуға рұқсат етілген тек бір ғана орын бар. Ол – Қаратал шағын ауданындағы жағажай. Ал Қаратал өзеннің бойы қауіпті аймақ саналады. Дегенмен мамандардың жүргізген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Десе де бұл жұмыстар күнделікті атқарылатынын ТЖБ мамандары айтты. Айта кетсек, 2023 жылы облыс бойынша қауіпсіздік қағидаларын сақтамау салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала суға батып қайтыс болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.