Бүгін Дүниежүзілік қан доноры күні. Айтулы күн аясында облыстық қан орталығында салтанатты жиын өтті. Онда үздіксіз қан тапсырып, ерікті түрде донор болған азаматтарға алғыс айтылды. 16 донор алғыс хатпен марапатталды. Себебі, әрбір донордың өткізген қаны, миллиондаған адамның өмірін арашалап қалуға сеп.