Елімізде былтырдан бері маусым айының үшінші жексенбісі әкелер күнін атап өтеді. Әке тәрбиесін нығайтуға мемлекет тарапынан да көңіл бөлінуде. Атап айтқанда өңірлерде «Әкелер ұйымы» құрылған. Себебі бала тәрбиесінде әкенің рөлі зор. Әрі отбасылық құндылықты қалыптастыратын бірден бір тұлға.