Биылдан бастап, Президент Жарлығына сәйкес, облыс әкімдерінің есептік кездесулері әр аудан-қалада 1 мәрте ғана өткізіледі. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жоспарға сәйкес, Текелі қаласы тұрғындарымен кездесті.
Облыс беталысын таныстырды. Қала дамуының оң жетістіктерін, олқы тұстарын таразылады. Қуантар тұсы – жыл басынан 1,77 млрд теңге инвестиция тартылыпты. Десе де, әкімдігі әлі де күш шығаруы тиіс проблемалар да жетіп артылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.