Ауылшаруашылығы – асыраушы сала. Жетісудай аграрлы аймақ үшін маңызы жоғары. Диқандар өнімнің мол әрі сапалы болуы үшін аянбай еңбек етеді. Десе де ол жеткіліксіз. Ғылым мен өндірісті ұштастыру керек. Осы мақсатта бүгін Көксу ауданында “Дала күні” өтті. Жаңа тұқым түрлері, дәнді дақылдарды себудің тың тәсілдерімен танысу үшін шаруалар егіс басында бас қосты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






