Бүгін ел тарихындағы тағы бір елеулі күн. БАҚ төл меркесі. Сонымен қатар Жетісу арнасының 25 жылдық мерейтойы. Аймақтың басты арнасы ширек ғасыр таспалы тарихты таңбалап келеді. Кәсіби мереке күні Жетісу облысы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев жетісудағы барша БАҚ өкілдерін құттықтады. Ел мен жер дамуына ақпараттық үлес қосып жүрген 50-ге жуық азаматқа кұрмет көрсетті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.