Елімізде әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Игі істер марафоны» жарияланды. Шара экологиялық акциядан бастау алды. Шілденің 9-ы мен 14-і аралығында “Экология апталығы” өтеді. Бүгін Көксулықтар аталған шараға үн қосты. Аудан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып тазалыққа кірісті. Тіпті, “Үздік ауласы” үшін жергілікті әкімшілік тарапынан марапат алғандар да бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.