Соңғы жылдары Алматы облысында агротуризм саласы қарқынды дамып келеді. Жаз айында туристер әсем табиғатта тек тынығып қана қоймай, ауыл шаруашылығы жұмыстарына араласуға қызығушылық таныта бастаған. Мәселен, Қарасай ауданындағы омарта шаруашылығында күнде адам аяғы үзілмейді. Бәріне балдың қалай өндірілетіні қызық. Кәсіпкерлер сол үшін арнайы агротур ұйымдастырып туристерге бал өнеркәсібінің тыныс-тірлігін таныстырады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.