Жетісу – жаңа мүмкіндіктері зор аймақ. Инвестициялық әлеуеті жоғары. Облыста 5 стратегиялық бағыт бойынша инвесторларды тарту жұмыстары атқарылады. Бұл қатарда: агроөнеркәсіптік кешені, көлік-логистика, туризм, баламалы энергетика және жер қойнауын тиімді пайдалану салалары бар. Бүгін аймаққа еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров келді. Вице-министр Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен Президент тапсырмалары аясында министрлікпен бірлесе атқарар жұмыстарды талқылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.