Жетісу облысында тау туризмін дамытуға әлеуеті зор. Биыл Қапал мен Текеліде жаңа туристтік бағыттар ашылды. Бұл аймақтардың таңдай қақтырар тамаша табиғаты, демалыс нысандарына кең қанат жаяуға мүмкіндік береді. Күні кеше бақ өкілдеріне Ескелді ауданы “Серкесай” шатқалының тұмса табиғаты таныстырылды. Олар 1636 метр биіктікті бағындырып, шатқалдағы көздің жауын алатын сарқыраманы да тамашалап қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.