Әскерилер әрқашан әзірлікте. 5514 әскери бөлімінің жеке құрамы Әділет департаменті мен Жетісу облысының жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысымен кездесті. Мерзімді әскери қызметшілерге заң аясында бірқатар кеңестер беріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жиын соңында өз міндеттерін адал және абыроймен атқарғаны үшін 3 жауынгер марапатталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.