Бүгін Талдықорғанда «Жетісу» ерлер және әйкелдер кәсіпқой волейбол клубына арналған заманауи жаттығу алаңы ашылды. Сонымен қатар спортшыларға арналған 4 қабатты тұрғын үйде қолданысқа беріліп отыр. Мұндай жаңа үлгіде салынған орталықтың Қазақстанда баламасы жоқ. Бұл Жетісу өңірі волейболының өркендеп дамуына үлкен мүмкіндік бермек. Қазірдің өзінде Жетісу әйелдер волейбол командасы осында дайындалып, биылғы маусымда ел чемпионы атануды мақсат еткен. Айта кетейік, жерлестеріміз бұған дейін 8 мәрте республика жеңімпазы және бірнеше мәрте кубок иегеры болған.