
Мақсаты мен міндеті:
Ұлы даланың сыры көп. Еліміздің тарихы мол мұраға бай. Ұлтымыздың құндылығы оның тарихында. Сол мұраны бүгінгі күні жалғастырып келе жатқан, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, тіпті кәсібіне айналдырған, тұрмысында қолданып жүрген адамдар Жетісу жерінде баршылық. Сонымен қатар рухани байлығымызды насихаттап, өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп жүргендер де жетерлік. «Дала сыры» хабарының кейіпкері де сол ұлтжанды адамдар.
Жанры: репортаж
Хронометражы: 20 минут
Аудиториясы: 14+
Тілі: қазақ
Эфирге шығу уақыты: сенбі 20.00
Эфирге шығу жиілігі: Аптасына 1 рет
Жүргізуші әрі редакторы: Гүлназ Мұстафа
