Аймақ жұртшылығының мұң-мұқтажы мәслихат депутаттарының жіті назарында болуы тиіс. Бүгін мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында Президент осылай деді. «Депутаттар – өзекті мәселелерді ашық айта білетін, азаматтардың қоғамдағы ой-пікірін атқарушы билікке тікелей жеткізетін қауым. Бір сөзбен айтсақ, депутат болу – халықтың үні болу деген сөз”,- деп атап өтті. Форумда мәслихаттардың жұмысына және маңызды мәселелерге қатысты тақырыптар талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.