Жастар жаңашылдықты қалайды. Бүгін сайлау учаскесіне электросамокатпен келген бір топ жас өз таңдауларын осылай аңдатты. Дауыс беруге келгендердің алды 25- ке енді келіпті. Өзгелері 20-ның ар жақ бер жағында. Тепсе, темір үзер шақтары. Жалынды жастар өздеріне тиесілі бюллетеньдерін толтырып, мемлекет дамуына бей-жай қарамайтындықтарын паш етті. Бұл күн- айрықша күн, бұл таңдау – ел бағдарын айқындар тағдыршешті таңдау деп пікірлерін айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.