Көксу ауданында тұрғын үй кезегі 7,2 пайызға төмендеді. Әкімдік тарапынан атқарылып жатқан кешенді жұмыстар негізінде 60 пәтерлі несиелік үй қолданысқа берілгені мәлім. 2025 жылы ауданда тағы да 60 пәтерлі қос үй салу жоспарда. Мұның сыртында кезектілікті азайту мақсатында 50 дайын үй сатып алуға қаражат қарастырылған. Оның 17- сі Республика күнінде берілді. Тағы 33 отбасын жыл соңына дейін өз шаңырақтарына қоныстандыру жоспарда. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты.
Құландар мекені
Құландардың мекені. Жетісу облысында "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің ұйымдастыруымен республикалық экофестиваль өтті. Дәстүрге айналдырмақ ниеттері бар. Биыл екінші...