Анықтамалар тегін берілуі тиіс. Сенат депутаттары мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекке өтініш берген кезде анықтамаға ақы төлемеу керек деп есептейді. Олардың пікірінше, мемлекеттен берілетін қаржылай көмек тоқсан сайын өткізілетін анықтамалармен -ақ жұмсалып кетеді. Парламенттің жоғарғы палатасының соңғы отырысында осы мәселе бойынша сұрақ көтеріліп, Үкімет басшысына сауал жолданды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.