Декларация тапсырмағандардың банк шоттары бұғатталады. Азаматтардың меншігіндегі мүлкі бойынша мемлекетке есеп беру 16 қыркүйекте аяқталды. Мәселен, әлі Жетісу өңірі бойынша 24 мыңдай азамат бұл міндетті орындамаған. Алайда Кірістер комитеті салық төлеушілерге 30 күн уақыт беріп отыр. Декларацияны кімдер және қалай тапсыру керек? Тапсырмаған жағдайда қандай есепшоттар бұғатталады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.