2 әйел тірідей көлікте өртеніп кетті. “Алматы – Қорғас” автожолының 82 шақырымында, Еңбекшіқазақ ауданы аумағында темір тұлпар қызыл жалынға оранған. Санаулы минутта күлге айналды. Оқыс оқиға 3 маусымда болған. Әлеуметтік желіде видеосы тарап жатыр. Мұнда ер адам өртенген көліктен шығып үлгерген. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жолаушы келіншек ұйықтап жатқан. Есіктері ашылғанымен шығып үлгермепті. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.