Жайлы – меткеп, сапалы – білім. Қарасай ауданы Көкөзек ауылында 1500 орындық жаңа мектеп шәкірттерге есік ашты. Осыған дейін ауылдағы 600 орындық білім шаңырығңында екі жарым мың оқушы қысылып-қымтырылып үш ауысыммен білім алып келген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еңсе тіктеген білім ордасының салтанатты ашылуына тілшіміз де барып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.