Доллар құны 500 теңгеден асып жығылды. Жығылғанда да қайта тұрып, өрлеп кетер қауқары жетерлік. Ал, теңгенің АҚШ ақшасына қатысты бағамы мәз емес. Өткен аптада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға дейін көтерді. Осылайша, ставка бірден 1 процентке артып, жыл басындағы жағдайға қайта келді. Ал, жылдық инфляция деңгейі өткен айда 8,5 пайызға дейін өскен. Өйткені, реттелетін қызметтер құны қымбаттап, ұлттық валюта әлсіреп отыр. Яғни, базалық мөлшерлемені ұлғайту мәжбүрлі қадам дейді сарапшылар. Айтуларынша, ставка өзгеріссіз қалса, ақша массасы көбейіп, инфляция жеделдейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.