Облыста 315 білім беру мекемесі бар. Оның 281 інде ыстық тамақ, 11 мектепте буфеттік, 23 мектепте тасымалдау арқылы оқушылардың тамақтануы ұйымдастырылған. Осы ретте мектеп асханаларындағы тамақ сапасына баса мән берген жөн. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылау қажет. Бұл талаптар балалардың денсаулығын қорғауға, инфекциялық аурулардың алдын алуға және дұрыс тамақтануды қамтамасыз етуге бағытталған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.