Алматы облысында 115 мыңнан аса азамат 1 миллиард 855 миллион теңге шамасында көлік салығын төлемеген. Оның өсімінің өзі бүгінде 1 миллиард теңгеден асып отыр. Бұл қарыздарды қайтару мақсатында мемлекеттік кірістер және ішкі істер департаменті мен жеке сот орындаушылар палатасы бірлесіп «Борышкер» акциясын өткізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.