Ел ертеңі білімді ұрпақ қолында. Бүгін Қонаев қаласында II республикалық білім олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Алматы облысынан 40-тан аса оқушы қатысып, оның 36-сы жүлделі орынды иеленген. Жалпы есепте облыс командасы ІІ орынды жеңіп алды. Жарыс жаратылыстану мен гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткен еді. Жеңімпаздар өңір басшысымен жүздесті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.