Ұстаз

Фильм туралы қысқаша ақпарат

Ілияс – беделді математика пәнінің маманы. Анасының сырқатына байланысты ол Алматыдан өз туған ауылына қайтуға мәжбүр болады. Ауыл мектебіндегі 11-сынып оқушыларына ешкім үміт артпайды, олардың ҰБТ-дан құлайтынына ешкім күмәнданбайды.

Ілияс бұл сыныпқа тек ҰБТ-ны тапсыруды ғана емес, өз күштеріне деген сенімділікті арттыруға, өзара қарым-қатынасты жақсартуға және балалардың басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесуге тырысады.

Фильмде интернетке тәуелділік, дұрыс мамандық таңдаудың маңыздылығы, ҰБТ-ның оқушылар психологиясына әсері, сондай-ақ ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі секілді мектеп оқушыларына қатысты маңызды мәселелер көтеріледі.