Енді Алматы облысында жұмысшы мамандықтары иелеріне жеңілдетілген тұрғын үй ипотекасы беріледі. Бұл туралы Есік қаласында өткен “Жұмысшы мамандықтары жылының” ашылу салтанатында белгілі болды. Іс-шараға облыстық басқарма басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Жыл бойы атқарылатын жұмыстар легі таныстырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.