Алтынемел мемлекеттік табиғи ұлттық паркінде жабайы аң-құс көбейіп келеді. Әсіресе қызыл кітапқа енген құлан, қарақұйрықтардың саны жыл сайын кемінде 10 пайызға артқан. Бұл орман қорықшыларының ерен-еңбегінің жемісі,- дейді мамандар. Парк қызметкерлері мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2025 жылғы санағына біздің де әріптестер қатысып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.