Бүгін – 14 наурыз, Әз-Наурыздың бастауы – Амал мерекесі, көрісу күні. Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Өткен жылдан бері еліміздің барлық аймақтарында тойлана бастады. Амал күнін айрықша қарсы алғандардың алды – Жетісу облысы. Үлкен –кіші бас қосып, бас-аяғы 1000 адам, айқара құшақ ашысып, ақ тілекте болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.