Былтыр Алматы облысында 299 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткен. Алайда олардың 264-і талаптарға сәйкес келмегені анықталды. Әсіресе Балқаш, Кеген, Райымбек, Ұйғыр және Қарасай ауданындағы мектептер мен балабақшалар толықтай аттестаттаудан өте алмаған. Облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаменті жыл қорытындысын жасап, биылғы жоспарлармен бөлісті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.