Жетісу облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді. Қазіргі сәтте еліміздегі гидротехникалық нысандар мен барлық су қоймалары тасқын суды қабылдап, қауіпсіз өткізуге дайындалып жатыр. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін облыс бойынша 57 гидропост қойылған. Қазіргі таңда қауіпті учаскелерді алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сала мамандарының айтуынша, әзірге өңірдегі жағдай қалыпты, көктемгі су тасқынына 900-ден астам техника мен 500 адамнан тұратын жеке құрам жасақталған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.