Қытай елімен достық қарым-қатынастардың арқасында Алматы облысы мен көрші мемлекет арасындағы сауда айналымы еселеніп келеді. Соңғы 2 жылда тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асып отыр. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев YTO Express Co халықаралық логистикалық компаниясының өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді. Кәсіпорын Қытайдың ең ірі экспресс-жеткізу компанияларының «үлкен бестігіне» кіреді. 18 елде 50-ден астам бөлімшесін ашқан. 150 мемлекетте әуе және теңіз арқылы 2000 бағыт бойынша жүк тасымалдайды. Әлем бойынша логистикалық қызмет көрсетушілермен стратегиялық серіктестік қарым-қатынаста.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.