Алматы облысында заманауи көлік жүйесіне бағытталған тарихи жобаның алғашқы қадамы жасалды. Қонаев қаласында халықаралық деңгейдегі маңызды кездесу өтіп, «Маглев» жеңіл рельсті көлік құрылысы ресми түрде таныстырылды. Бұл – тек облыс көлеміндегі инфрақұрылымдық өзгеріс емес, бүкіл Алматы агломерациясын жаңа даму сатысына шығаратын стратегиялық жоба. Жоба аясында шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, кездесуге Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, Оңтүстік Кореядан келген ірі компания басшылары мен сала мамандары қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.