Сарқан ауданындағы былтыр халықпен кездесуде көтерілген бірқатар мәселе толық шешімін тапты. Мәселен, ауданда соңғы 2 жылда пайдаланбай жатқан 57 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Балқаш көліне дейінгі жолдың құрылысы биыл маусымда аяқталмақ. Сондай-ақ, шалғай жақтағы ауылға жас дәрігерлер келіп, кадр тапшылығы азайды. Газ тарту жұмысы да қарқынды жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан халқымен кездесуінде айтты. Атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспармен бөлісті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.