25 сәуірден бастап Балқаш көлінде балық аулауға тыйым салынды. Судағы тіршілік иесінің уылдырық шашуына байланысты 10 маусымға дейін қармақ салуға, ау құруға рұқсат етілмейді. Заңды бұзғандар жазаға тартылады. Науқан аясында Балық инспекциясы және құзырлы орган өкілдері жергілікті тұрғындармен бірлесіп, көлді қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.