Жетісу волейбол клубының қыздары – Азия құрлығының кіл мықтылары. Бүгін оларды Алматы әуежайында бір топ жанкүйерлері қарсы алды. Құшақтарын гүлге толтырып, қошамет көрсетті. Филиппин елінен алтын медаль тағынып, кубок арқалаған Азия чемпиондарын ұшақтан түсе сала сұрақтың астына алғандар қатарында біздің түсірілім тобы да болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.