Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл. Бейбітшілікті ту еткен отанымыздың шаңырағы шайқалмай, іргесі берік болуына Ассамблеяның қосқан үлесі көп. Осы мерекелік датаға орай Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Жетісу өңіріне келді. Ол аймақтың аталған құрылым мүшелерімен Панфилов ауданында кездесіп, атқарылған жұмыстарға баға беріп, алдағы бағыт- бағдарларды талқылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.