Жетісу облысы Халықаралық балаларды қорғау мерекесін кең көлемде атап өтті. Атап айтар болсақ, облыстық білім басқармасының бастамасымен қала мектептерінен 100 оқушы үшін арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды. Олар Қаратал ауданындағы Кемел Тоқаев мұражайына, Ақсу ауданындағы Тамшыбұлақ шипажайына және Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемориалдық мұражайға саяхат жасап, тарихи-мәдени мұралармен танысты. Бұдан бөлек облыс орталығында түрлі спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырлды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.