Жұмысшы мамандықтар жылына орай Жетісу облысының колледждерінде нарық сұранысына сай мамандықтар оқытыла бастады. Жаңа мамандықтар атласына сәйкес бес бағыт анықталып, 14 жаңа мамандық ашылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 450 млн теңге бөлінген. Барлық кәсіп өңір экономикасына қажет ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы мен энергетика саласына баса назар аударылған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.