Жетісу орталық стадионында футболдан жасөспірімдер арасында “Былғары доп” облыстық бәсекесінің финалдық кезеңі басталды. Оған өңіріміздің әр аймағынан іріктеліп келген 90 команда жиналды. Бұл спорттық шара “J-League” жобасы аясында ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы келіп қатысып, балғын аяқдоп шеберлеріне сәттілік тіледі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.