Қаржылық сауаттылық – қаржылық қауіпсіздік. Жетісу облысында алаяқтық тұзағына түсетіндер саны 28 пайызға артқан. Сондықтан Талдықорғанда “ХХІ ғасырдың сандық триггерлері” атты ауқымды форум өтті. Шараны облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық прокуратура, полиция департаменті және Жетісу университеті бірлесіп ұйымдастырған. Басты мақсат – айлакерлер тұзағына тосқауыл қою.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.