Жетісу жолы жақсара түседі. Облыста жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл өңірде облыстық маңызы бар 135 шақырым жол жөнделеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Балқаш көліне апаратын жолдар жаңартылып жатыр. Атап айтсақ, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» бағытының 75 шақырымында жұмыс жүргізілуде, ал Лепсіден Балқашқа дейінгі 27 шақырым жол толық аяқталып, пайдалануға берілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.