Парламент мәжілісінің депутаттары 1-қыркүйекке дейін демалысқа шыққаны белгілі. Олар осы екі айдың ішінде өңірлерді аралап, халықпен кездесіп, мәселелерін тыңдайды. Осының аясында Жетісу облысына “Ауыл” партиясы фракциясының мүшесі Аян Зейнуллин жұмыс сапарымен келді. Алдымен Қаратал және Көксу ауданындағы кәсіпорындармен сүт фермаларын аралап, әлеуметтік нысандарда болды. Артынша Талдықорғанда партия белсенділерімен кездесті. туындаған мәселелерді талқылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.