Күн ысығалы Алакөл жағасына ағылған халықта есеп жоқ. Емдік қасиеті мол, тұзды суға келушілер саны жыл сайын артып келеді. Қуантарлығы, көлге қатынау бұрынғыдай емес, айтарлықтай жеңілдеді. Бүгінде Алматыдан Ақши, Көктұма ауылдарына дейін «Алматы-Өскемен» республикалық тас жолымен 4-5 сағатта жетуге болады. Ең бастысы, Астана, Алматы қалаларынан Үшаралға дейін ұшақтар тұрақты түрде қатынап жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.